5 млн теңге атаулы көмек алушы: Азамат өзін қандай жағдайда банкрот деп жариялай алады?

30 Қаңтар 2023, 12:28
3672
Бөлісу:
5 млн теңге атаулы көмек алушы: Азамат өзін қандай жағдайда банкрот деп жариялай алады?
Фото: ortcom.kz

Елімізде 3 наурыздан бастап банкроттықтың үш тәсілі арқылы өзін банкрот деп жариялауға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте жеке тұлғалардың банкроттығы туралы айтылды.

2022 жылғы 30 желтоқсанда Президент «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойған болатын.

Бұл заң биыл 3 наурызда күшіне енеді. 3 наурыздан бастап біз жеке тұлғалардан арыз алуды бастаймыз, - деді вице-министр.

Ол банкроттықтың үш тәсілі бар екенін айтты. Олар: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Ержан Біржанов соттан тыс банкроттық түрі қалай жүргізілетінін түсіндіріп берді.

Ең көп арыз осы тәсіл бойынша түседі. Соттан тыс банкроттық – бұл микроқаржы ұйымдар, коллектордық агенттіктер және екінші деңгейлі банктерге қарыздары бойынша қарастырылады. Мұның мөлшері – 1 600 АЕК-тен (5 520 000 теңге) аспауы тиіс. Сонымен қатар қарыз 12 ай ішінде өтелмеген болып, мүлік болмауы керек. Арыз берер алдында қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімі жүргізілуге тиіс, - деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Қаржы министрлігі өкілі брифингте заңға енгізілген ұсыныстар туралы қоса кетті.

- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды;

- берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеулер белгіленбейді.

Өзгелердің жаңалығы