5 маусым. Сайлау барысы

5 Маусым 2019, 21:07
3132
Бөлісу:
5 маусым. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 5 маусым күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.

Нұр-Сұлтан қаласында президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірген тұлғалары қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесу өткізді. 

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы науқан аясында Жамбыл облысында болды. 

ҚР Президентіне үміткер Әміржан Қосанов Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Кандидаттың ШҚО өңірлік сайлауалды штабы саясаттанушы Дос Көшімнің қатысуымен сайлаушылармен кездесу өткізді. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясы делегациялары Қосановтың республикалық штабына келді. Кандидаттың республикалық сайлауалды штабының мүшелері елорда іргесіндегі Қоянды ауылына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. 

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сайлауалды штабына Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШОС) байқаушылар миссиясының өкілі Хабив Мунир келді. Кандидаттың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық аймақтық штабының мүшелері кезекті сайлауалды шаралар легін Мақтаарал ауданында жалғастырды. 

«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков Алматы облысында болды. 

ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында Атыраудағы этномәдени ұйымдар «Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім» атты форум өткізді. Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы «Сенің даусың маңызды!» атты TeamQazaqstan автошеруін өткізді. Кандидаттың штаб өкілдері қалалық №3 емхана қызметкерлерімен кездесті. 

ҚР президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Атырау өңіріне барып, сайлаушылармен кездесті. 

Өзгелердің жаңалығы