"400 мыңдай Neet жас бар". Министр мәселені қалай шешетінін айтты

6 Қараша 2024, 12:19
611
Бөлісу:
"400 мыңдай Neet жас бар". Министр мәселені қалай шешетінін айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Үкіметтің баспасөз орталығында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде қанша Neet жастар барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Елімізде Neet санатындағы жастардың саны қанша? Соңғы жылдары неге өсіп келе жатыр? Бұл мәселенің алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Министр ретінде неге мұндай жастар артып барады деп ойлайсыз?" деп сұрақ қойды.

Бүгінгі таңда Neet санатындағы жастардың саны 380 мыңнан асып отыр. Көбі мектеп бітірген соң не оқуға бармаған, не жұмысқа тұрмаған жастар. Қазіргі таңда біз жергілікті органдармен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Биылдың өзінде министрліктің арқасында 7 мың азамат жұмысқа тұрды. Мәселен, Астана қаласындағы сауда орталықтарында 300-дей азамат таңнан кешке дейін шоғырланып тұрады. Сол жерден 10 отбасын Солтүстік Қазақстанға жұмысқа орналастырдық. Бұл оң нәтиже беріп отыр. Қазіргі таңда оңалту және бейімдеу жұмыстарын нормативтік-құқықтық ретінде реттеп, оның алгоритмін жергілікті атқару органдарына жеткізіп, тәжірибені жалғастырамыз, - деді Светлана Қабыкенқызы.

Өзгелердің жаңалығы