"40 тонна су төгілді". Жамбыл тауларындағы өрт сөндірілді

7 Тамыз 2023, 10:52
542
Бөлісу:
"40 тонна су төгілді". Жамбыл тауларындағы өрт сөндірілді
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысының Меркі тауларындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 7 тамызда сағат 7:00-де Жамбыл облысының Меркі тауларында 350 га аумақты шарпыған шөп өрті сөндірілді. Өртті сөндіру барысында жалпы әуеден 40,5 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, тығыз өскен қураған шөп пен өрт ошағына жетудің күрделілігімен, су көздерінің қашықтығымен және құбылмалы жел екпіні салдарынан қиындай түсті, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 3 тамызда «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында таулы аумақта қураған шөп өртенді. 

Өзгелердің жаңалығы