Жамбыл облысының таулы аумағында ірі өрт шықты

3 Тамыз 2023, 14:39
713
Бөлісу:
Жамбыл облысының таулы аумағында ірі өрт шықты
Фото: Жамбыл облысы ТЖД

«Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2 тамызда сағат 14.30-да Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанды.

Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді (шамамен 16,5 тонна). ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізіліп отыр, - делінген Жамбыл облысы ТЖД таратқан хабарламада.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы