4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режиміне ауыстырылды

27 Тамыз 2020, 10:44
1037
Бөлісу:
4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режиміне ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қызмет еткен барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды.

Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды. 

Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның арасында коронавирустық инфекция жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қызмет еткен барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы