4 маусымға арналған ауа райы болжамы

4 Маусым 2019, 08:15
1574
Бөлісу:
4 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың кей жерінде найзағай, жел күшеюі, шаңды дауыл, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерде тұман болады. 

Атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын, тек республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерінде дауыл болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, дауыл болып, жел күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде дауыл болып, жел түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында күндіз кей жерде дауыл, Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының кей жерінде күндіз қатты ыстық болады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы