Еліміздің батысында 38 градусқа дейін күн ысиды

7 Маусым 2019, 15:29
1641
Бөлісу:
Еліміздің батысында 38 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

"Қазақстанның көптеген облысындағы жаңбырдың жаууына терең және өте белсенді циклон, сонымен қатар циклонмен байланысты атмосфералық фронттар себеп болды. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерде өте қатты жаңбыр жауып өтті", - делінген синоптиктердің хабаламасында. 

Алдағы үш тәулікте циклон және сонымен байланысты фронттар шығысқа жылжып, бұрыңғыдай найзағаймен өткінші жаңбыр жауып, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерде қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 

Тек еліміздің батысында, 9-10 маусымда солтүстік-батыста антициклонның таралуына байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндізгі ауа температурасы плюс 28…33°С дейін, кей жерде 35…38°С дейін жоғарылайды.


Өзгелердің жаңалығы