36 жастағы пациентке қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді

30 Қаңтар 2024, 22:30
433
Бөлісу:
36 жастағы пациентке қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді
PHOTO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін хирургиялық емес емдеу-радиожиілікті абляция алғаш рет енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көп түйінді эутиреоидты зоб (түйіннің мөлшері 5,0 см-ден астам) диагнозы қойылған 36 жастағы пациентке бірегей аз инвазивті операцияны клиниканың рентгенхирургтары мен эндокринолог дәрігерлерінің, институт басшылығының шақыруымен институтқа келген Астана қаласы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының интервенциялық онкорадиолог дәрігері Нияз Малаев жүргізді.

36 жастағы пациентке қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді

Радиожиілікті абляция - ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты неоплазманың толық жойылуы (бұзылуы) болып табылады, нәтижесінде қалқанша безінің түйінді ісік жасушалары жойылады, түйін мөлшері кішірейеді және уақыт өте келе азаяды. Бұл ретте бездің сау тіндері зақымдалмайды.

Қазақстанда 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқан радиожиілікті абляция әдістемесі қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін емдеуде жақсы тиімділік пен қауіпсіздікті көрсетті. Қалқанша безінің түйіндерінің көпшілігі қатерсіз және симптомсыз, бірақ үлкен түйіндер косметикалық проблемаларды, мойын ағзаларының қысылу белгілерін, ауырсынуды, дисфагияны, бөтен денені сезінуді, ыңғайсыздықты, тамақтың жыбырлауын және жөтелді тудыруы мүмкін,- деп түсіндіреді Нияз Бейсенұлы.

36 жастағы пациентке қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді

Емшара наркозды қажет етпейді. Қалқанша безінің қатерсіз түйіндеріндегі ауырсынуды бақылау үшін жергілікті анестезия қолданылады. Пациенттер жақсы шыдайды, емшарадан кейін қосымша ауырсынуды немесе көктамыр ішіне седацияны қажет етпейтін шамалы ауырсыну пайда болуы мүмкін. Радиожиілікті абляция - асқыну жиілігі төмен қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің қауіпсіз әдісі. Оны әлемнің дамыған елдерінің көптеген кәсіби эндокринологиялық қоғамдары ұсынады, - дейді доктор. 

Визуалдық ультрадыбыстық бақылаумен термиялық радиожиілікті абляция әдісі әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылады. Пациенттердің өмір сүру сапасы жақсарады. Радиожиілікті абляция қалқанша безді хирургиялық жолмен алып тастауға тамаша балама болып табылады.

36 жастағы пациентке қалқанша безінің радиожиілік абляциясы жүргізілді

Дәрігерлерге барған кезде маған хирургиялық алып тастау ұсынылды, бірақ мен бас тарттым. РЖA емшарасынан бұрын маған қалқанша безінің цитологиялық зерттеуі жүргізілді, ол ауыртпалықсыз жасалды. Мен қазір өзімді жақсы сезінемін және бүгін үйге шығамын. Мен Нияз Бейсенұлына, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ дәрігерлері Алексей Евгеньевичке, эндокринологтар Лаура Бахытжанқызы мен Балнұр Пердеқожақызына жоғары кәсібилігі үшін ризамын, - дейді Айнұр. Алматыда алғаш рет қалқанша безінің РЖА жүргізілген пациенттің аты осылай.

"Қалқанша безінің қатерсіз түйінді ісігін аз инвазивті емдеудің инновациялық, жоғары тиімді әдістері қазір Алматыда МӘМС шеңберінде пациенттерге қолжетімді. Болашақта қалқанша безінің қатерсіз ісіктерінің РЖА мамандарын даярлауды және әрине, осы әдістемеге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып жүргізуді жоспарлап отырмыз", - деп бөлісті ҒЗИ докторлары.

Өзгелердің жаңалығы