31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

31 Шілде 2019, 08:20
1802
Бөлісу:
31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Тек республиканың оңтүстік, орталық және солтүстік-шығысыңда жауын-шашынсыз ауа райы сақталаді. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Маңғыстау облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.  Атырау облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.  Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні  25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

 Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,  Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы