31 мамырға арналған ауа райы болжамы

31 Мамыр 2019, 08:15
1571
Бөлісу:
31 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-шығысында және батысында күн ашық болады. Кей аймақта найзағай, жел күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болуы ықтимал, түнде кей жерінде жел күшейеді 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл аудынында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы