3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

3 Қаңтар 2023, 10:20
1220
Бөлісу:
3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ел аумағында қар, батыс пен оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын соғады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақытта жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 18 м/с жетеді. Күндіз бұрқасын соғады. Оңтүстіктен жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20, кей уақытта екпіні – 23-28 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы жерлерде – 23-28, тау асуларында 30 м/с асады.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні – 18 м/с, күндіз – 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні – 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында – 23 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жел қарқыны 30 м/с асады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23 м/с.

Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қар жауып, тұман, көктайғақ болады.

Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы