3 млн теңге беріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша гранттар байқауы басталады

12 Тамыз 2021, 12:43
862
Бөлісу:
3 млн теңге беріледі. Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша гранттар байқауы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев айтты.

Бүгінгі таңда «Samruk-Kazyna Trust» қоры үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша байқаудың келесі маусымын жариялап отыр. Аталған жоба ҮЕҰ арасында өте танымал. Осыған дейінгі қатысушылардың оң пікірлеріне ие болды. Биыл байқау 23 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында болады. Байқауға тек тіркелген ҮЕҰ-лар ғана қатыса алады. Әрбір ҮЕҰ бір өтініш қана бере алады, - деді ол.

Іргебаевтың айтуынша, байқау үш кезеңнен тұрады.

Жеңімпаздарға 3 млн теңгеге дейін грант беріледі. 9 ай бойы қор жобаларды сүйемелдейді. Байқауға өтініш қабылдау 23 тамыздан 17 қыркүйекке дейін жалғасады, - деді ол.

Мирас Іргебаев атағандай, әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығатын үкіметтік емес ұйымдар байқауға қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы