245 мың тонна дизель облыстарға арзандатылған бағамен жөнелтілді – министрлік

26 Мамыр 2020, 09:50
1923
Бөлісу:
245 мың тонна дизель облыстарға арзандатылған бағамен жөнелтілді  – министрлік
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан  Ноғаев бүгін өткен кезекті Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстарын бағасы төмендетілген дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, облыс әкімдерінің ұсыныстарына сәйкес арнайы кесте жасақтады. Қазіргі таңда  бөлінген дизель отынының 63 пайызы, яғни, 245 мың тоннасы облыстарға арзандатылған бағамен жөнелтілді, - деді ол.  
Нұрлан  Ноғаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығын өндіруші субъектілер дизель отынын 165 теңгеден алып жатыр. 
Қосымша тағы 62 мың тоннаға ұсыныс түсті. Біз оны да қабылдап, қазіргі таңда тауар өндірушілермен 20 мың тоннасын жөнелттік. Қалғандарын келісілген жоспарға сәйкес атқарамыз. Біздің тарапымыздан еш кедергі жоқ, - деді министр.
Сонымен қатар, бүгінгі отырыста Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы" баяндаған болатын баяндаған болатын

Айта кету керек, Үкіметтің күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы, мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.
Өзгелердің жаңалығы