238 мың жұмыс орны қай салаларда құрылды? Нұрымбетов жауап берді

24 Қыркүйек 2020, 11:58
1404
Бөлісу:
238 мың жұмыс орны қай салаларда құрылды? Нұрымбетов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру туралы» өткен Үкімет сағаты өтті.

Үкімет сағаты кезінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжіліс депупаты Сауытбек Әбдірахмановтың сұрағына жауап берді.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 238 мың жұмыс орны құрылды. Олар бірнеше сала бойынша құрылды. 56%-ы 3 сала – құрылыс (22%), ауыл шаруашылығы (18%) және көтерме бөлшек саудасы саласы (16%). Өңірлердің бөлінісінде Алматы қаласы, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы алда. Бұл 8 айдың қорытындысы. Мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылатын жұмыс орындары туралы солардың әкімшілерінің атынан есебін аламыз. Жаңа құрылған жұмыс орындары мониторингі бойынша ақпараттық жүйе бар. Сол жерде сараптап, оны зейнетақы жарналары арқылы тексеріп отырамыз. Соның қорытындылары карантинге дейінгі бірінші тоқсанда болған жағдай және карантиннің кезінде кейбір салаларға шектеулер жасалынады. Оның ішінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда салалары болып отыр. Сондықтан бұл карантин кезінде ресми тексерілген мәлімет. Дегенмен оның өзі 65%, яғни қарқыны жоғары деп айта алмаймыз. Алдағы уақытта жеткіземіз, - деді министр.

Айта кетейік, үкімет сағатында депутат баяндамада айтылған 238 мың жұмыс орны қай салаларда құрылды? Қай бағыттарға басымдық берілді? Жылдың қай айларында құрылды? Өйткені өткен 8 айдың шамамен 5-6 айы карантин жағдайында өткенін білетінін айтып сұрақ жолдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы