22 сәуір - әскери полицейлер күні

22 Сәуір 2021, 21:36
4475
Бөлісу:
22 сәуір - әскери полицейлер күні
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 сәуірде әскери полицияның әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтуде. 1997 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери полиция органдары құрылды.

Кеңес кеңістігіне кірген елдер ішінде Қазақстан бірінші болып Қарулы Күштерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты әскери құқық қорғау құрылымын құрды.Тәуелсіз субъект ретінде әскери полиция Интерпол қатарына еніп, құқықтық тәртіп органдары арасындағы ақпарат алмасудың халықаралық жүйесіне қол жеткізді.

22 сәуір - әскери полицейлер күні

Бүгінгі таңда әскери полиция алдын ала тергеумен, жедел-іздестіру қызметімен, құқықтық тәртіп пен әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге заманауи қару-жарақ пен арнайы техникалық құралдармен жабдықталған. Әскери полиция арсеналында жылжымалы бекеттер, жылжитын объектілерді арақашықтықтан мониторингтеу кешендері, қашықтықты өлшейтін лазерлік өлшеуіштер, бейнетіркеуіштер мен тексеру эндоскоптары бар.

22 сәуір - әскери полицейлер күні

Арнайы әскери бөлімшенің жеке құрамы қаруды қолдану машықтарымен, экстремалды жағдайда көлік жүргізумен, құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу мақсатында жауынгерлік жекпе-жек әдістерімен айналысады.

Құқықбұзушылықтың алдын алу заманауи техниканы қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда оқиға орнынан фото және бейнематериалдар бірге керекті ақпаратты санаулы уақытта алуға болады. Оларды тіркеуге, талдауға, әскердегі құқықтық тәртіп жағдайына қатысты шешім шығаруға ақпараттық жүйелер мүмкіндік береді.

22 сәуір - әскери полицейлер күні

Қызметтің басты бағыттарының бірі – жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу және оны анықтау. Бұл үшін ведомствоның құрылымында ішкі қауіпсіздік қызметін атқаратын жемқорлыққа қарсы басқарма құрылған.

Бөлімше жемқорлықтың себептері мен оларды жою бойынша шығарылған ұсыныстарды талдау жұмыстарын жүргізеді. Жемқорлықпен құқық бұзушылық жасайды деген жоғары қауіпті лауазымдарға әскери қызметшілерді тағайындау барысында полиграфтық құрал арқылы зерттеулер жүргізеді.

22 сәуір - әскери полицейлер күні

Қарулы Күштерде жемқорлықты азайтуға ықпал ететін «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды. Онда әскери қызметшілер мен азаматтар өздерінің сұрақтары бойынша өтініш білдіре алады. Әскери полиция қызметкерлері әскери қызметшілерге құқықтық ағарту бойынша жоспарлы жұмыстарын жүргізеді.

Министрдің шешімімен әскери басқару органдарында бақылау-талдау қызметімен айналысатын әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші бөлімшелер құрылған. Олар әскери басқару органдарының командирлеріне әскери қызметтің қаупін азайтуға бағытталған ұсынымдар жасауға көмек көрсетеді.

2019 жылдан бастап әскери полиция әскери қызметшілері ұдайы «Ливандағы Біріккен ұлттар ұйымының Уақытша күштері» миссиясына әскери бақылаушылар ретінде бітімгерлік контингенттің құрамына кіреді.

Әскери полиция қызметкерлері мемлекет көлеміндегі ауқымды шараларды жүргізуде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсетеді. Әскери полиция қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі қойылған тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігінен көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы