2030-ға дейін барлық көлік экологиялық таза жанармайға ауысады

4 Қараша 2021, 10:41
1137
Бөлісу:
2030-ға дейін барлық көлік экологиялық таза жанармайға ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Ол көлік саласында зиянды шығарындылар әсерін азайту және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы министрліктің келесідей міндеттерін атап өтті. 

2018 жылдан бастап Евро-5 экологиялық стандарқа ауыстырылды.

Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, 2030 жылға дейін барлық қалалық жолаушылар көлігін экологиялық таза жанармайға ауыстыруға қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Сонымен қатар Өскенбаев техникалық тексеру орталықтарының және көлік иелерінің техникалық тексеруден жалған өткені үшін жауапкершілігін күшейту жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. 

2025 жылға дейін барлық техникалық нормативтер халықаралық стандартқа сай болады. Қабылданған шаралар 2030 жылға дейін жүк көлігінің кемінде 30% және жеңіл көліктердің шамамен 70%  экологиялық таза жанармайға ауыстыруға мүмкіндік береді, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.


Өзгелердің жаңалығы