Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2025: Әлемдегі ең бақытты қалалар анықталды

10 Маусым 2025, 09:30
522
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әлемдегі ең бақытты қала анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Azertag-қа сілтеме жасап.

Тұрмыс сапасы бойынша үздік қалалар индексін жасайтын орталық 2025 жылдың ең бақытты қалалары рейтингін жариялады.

Ең бақытты қала тізімінде бірінші орынды Дания астанасы Копенгаген иеленді. Ол азаматтық белсенділік, басқару сапасы, экология, денсаулық сақтау, экономика және мобильдік секілді негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсетті. 

Рейтингте барлығы 82 түрлі көрсеткіш ескерілген.

Үздік ондыққа Солтүстік және Батыс Еуропа мен Азия қалалары енді.

Олар: Цюрих (Швейцария), Сингапур, Орхус (Дания), Антверпен (Бельгия), Сеул (Оңтүстік Корея), Стокгольм (Швеция), Тайбэй (ҚХР Тайвань аймағы), Мюнхен (Германия) және Роттердам (Нидерланды).

Өзгелердің жаңалығы