2024 жылы 4 мыңға жуық маманға баспана беріледі

8 Қаңтар 2024, 16:21
2738
Бөлісу:
2024 жылы 4 мыңға жуық маманға баспана беріледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Биыл «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 30 млрд теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру жөніндегі заң жобалары әзірленеді.

Моно және шағын қалаларды дамыту үшін 2024 жылға 8 моно және 9 шағын қалада 29 жобаны іске асыруға 21,2 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар 370-ке жуық жұмыс орнын құру, 48 км автомобиль жолдарын модернизациялау, 32 км инженерлік желілерді модернизациялау жоспарда бар.

2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 500 ауылда 178,9 млрд теңгеге 1 400 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2024 жылы 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 30 млрд теңге қарастырылған, - делінген Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы