2023 жылдан бастап үй жануарларын тіркеу міндеттеледі

11 Ақпан 2022, 14:58
2287
Бөлісу:
2023 жылдан бастап үй жануарларын тіркеу міндеттеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек екенін айтты.

Заң ережелерін іске асыру үшін қазіргі уақытта біздің министрлік қоғам талқысынан және құзыретті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінен өтетін нормативтік-құқықтық акт жобаларын әзірледі, - деді вице-министр.

Әлия Шалабекова үй жануарларына асырауды реттеуге бағытталған НҚА жобаларын түсіндіріп берді. 

  • үй жануарларын ұстау мен серуендетудің типтік ережелері;
  • үй жануарларын есепке алу ережелері;
  • жануарларды тасымалдау ережелері;
  • есепке алынатын үй жануарларының тізбесі;
  • тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі;
  • жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізімі.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек. Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалады. Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсімді мемлекет төлейді, - деп түсіндірді Экология министрлігі өкілі ОКҚ-да.

Сондай-ақ иттердің өз бетімен жүруіне заңмен тыйым салынады.

2021 жылы 30 желтоқсанда Президент биылдың 2 наурызынан бастап күшіне енетін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойған болатын.  

Өзгелердің жаңалығы