Елімізде жануарларды қорғайтын заң наурызда күшіне енеді

11 Ақпан 2022, 14:53
3199
Бөлісу:
Елімізде жануарларды қорғайтын заң наурызда күшіне енеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның негізгі мақсатымен таныстырды.

Мемлекет басшысы 2021 жылы 30 желтоқсанда биылғы жылдың  2 наурызынан бастап күшіне енетін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойған болатын. 

Әлия Шалабекованың айтуынша, бүгінгі таңда бұрын-соңды заңнамамен қамтылмаған құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі қағидалары белгіленді.

Жаңа заңға сәйкес азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясы – жануарларға ауырсыну мен қайғы-қасіретті сезінетін қабілетті тіршілік иелері ретінде қарау, жануарлардың өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін иелерінің жеке жауапкершілігі, оларды қатыгездіктен қорғау, халықтың оларға моральдық және адамгершілік көзқарасын тәрбиелеу. Заңмен, атап айтқанда, жекелеген санаттағы жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй, қараусыз және қаңғыбас жануарларды асырау және ұстау кезіндегі талаптар белгіленген, - деп айтты вице-министр.

Сондай-ақ барлық БАҚ-та жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу және осындай насихаттың кез келген нысандарына тыйым салу енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы