2023-2027. Ауылды аумақтарды дамыту жобасы әзірленді

17 Қаңтар 2023, 11:08
1604
Бөлісу:
2023-2027. Ауылды аумақтарды дамыту жобасы әзірленді
Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, өткен жылдары ауылды елді мекендерде іске асқан жобаның нәтижесінде өңірлердің көрсеткіштері стандарттар жүйесіне сай жоғарлаған.

Мәселен, орташа қамтамасыз ету 2021 жылы  - 64,1 пайыз, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,3 пайыздық пунктке жоғары. 2023 жылы Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп 736 ауылдық елді мекенде 143 млрд теңге сомасына 1,5 мың жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 102 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттерде есептеліп жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына берілді, - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің мәлімдеуінше, бұл жоспар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 119 жобаны, әлеуметтік инфрақұрылымның 275 жобасын, оның ішінде 91 білім беру, 45 денсаулық сақтау, 139 мәдениет және спорт саласындағы жобаларды іске асыруға және ауылішілік жолдарды жақсартуға бағытталған 1,1 мың жобаны орындауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты институционалдық қамтамасыз етуді ілгерілету арқылы ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауыл халқының өмір сүру сапасын жоғарылату және жайлы өмір сүру ортасын құру, - деді мәлімдеді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы