2021 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?

26 Желтоқсан 2020, 00:41
4180
Бөлісу:
2021 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 2021 жылдың қаңтар айына консультативтік болжам жасады.

2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр, - деп хабарлады Қазгидромет.
Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше рет күн суытады. Қаңтардың екінші жартысында ауа температурасы едәуір төмендейді:
  • солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;
  • республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.

Қаңтар – жыл iшiндегi ең суық ай, деп атап өтті синоптиктер. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралуы кезінде абсолюттік минималды температура -48-54 °C дейін, ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін  төмендеуі мүмкін.  

Қаңтарда республика бойынша жауын-шашын мөлшерiнің бөлінуі бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек, 40-82 мм аралығында жауады.   

Өзгелердің жаңалығы