2020 жылы Көшпенділер ойыны Түркияда өтеді - Ердоған

31 Тамыз 2019, 15:48
1778
Бөлісу:
2020 жылы Көшпенділер ойыны Түркияда өтеді - Ердоған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Малазырт жеңісінің 948 жылдығы" атты іс-шарада айтты.

- Ата-бабалардан қалған ұлттық ойындарды елімізе өткізуді қолға алдық. Алдағы жылы төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Түркияда өтетін болады. Бұл жерде түркі тілді бауырластарымызбен ынтымақтастықта, бірлікте боламыз деген ойдамын» - деді Түркия президенті.

Түркия президенти Түркиядағы Көшпенділер ойынын ұйымдастыру істері елдегі «Садақ ату қоры» мен Этноспорт конфедерациясы тарапынан жүргізіліп жатқанын айтты.

Конфедерация 2015 жылы құрылған. Оның құрамына әлемнің 8 мемлекетінің ұлттық спорт федерациялары кіреді. 
Өзгелердің жаңалығы