20 шақты жолаушысы бар автобус өзенге құлап кетті

10 Мамыр 2024, 16:57
411
Бөлісу:
20 шақты жолаушысы бар автобус өзенге құлап кетті
VIDEO
Фото: скриншот

Санкт-Петербургтің орталығында жолаушылар автобусы жол апатына түсіп, Мойка өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА "Новости" порталының мәліметінше,  жол апаты шамамен Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де болған. Автобустың салонында 20 шақты жолаушы болған. Өкінішке қарай, төрт жолаушы қаза болған.

Жол апаты видеоға түсіп қалған. Кадрлардан автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше көлікке соқтығысып барып, көпірден өзенге құлап кеткенін көруге болады. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері суға батқан жолаушыларды құтқарып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы