2 жылда 250-ге жуық бала суға кеткен - ІІМ

16 Мамыр 2022, 13:02
1644
Бөлісу:
2 жылда 250-ге жуық бала суға кеткен - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы   ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Қазақстан Республиксы  Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Соңғы екі жылдың статистикасын алатын болсақ, 2021-2022 жылдары Қазақстан бойынша 857 адам суға кетіп отыр. Оның ішінде 247-сі бала. Оны пайызға шағатын болсақ, 25-30 пайызды құрайды. Сондықтан біз тек балалармен ғана емес, ересеектермен де ағарту жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Қарапайым қауіпсіздік шараларын барлық азамат ұстануы керек. Қайықпен балық аулауға шыққанда құтқару күртешесін кимей шығады. Осы жылдың басынан бері кеткен 25 адамның 9-ы құтқару күртешесін кимегеннің салдарынан болып отыр, - деді ол. 

Сыздықов атап өткендей, балалар арасында шомылудың қауіпсіздік ережелерін ғана емес, барлық қауіпсіздік шарасын түсіндіру керек. 

Министрлік пен әкімдіктер оған күш салумен қатар, ата-аналар да оған күш салуы керек. Баланы қараусыз қалдырмау да аса маңызды. Үйде де түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, - деді ол. 

Сыздықов атағандай, судағы төтенше жағдайлардың санын азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу ел басшылығының, Үкіметтің, ТЖМ-нің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы