2 646,9 млрд теңге. Министр үш жылға ауыл медицинасына бөлінген қаражатты атады

10 Қазан 2022, 11:23
1331
Бөлісу:
2 646,9 млрд теңге. Министр үш жылға ауыл медицинасына бөлінген қаражатты атады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

3 жылдың ішінде ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыру 2 231,5 млрд теңгені құрады. 2023-2025 жылдарға шамамен 2 646,9 млрд теңге қаражат көзделген. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ауылда шамамен 6 млн адам тіркелген, бұл 79%. Бұл ретте, 1,5 млн адам әлі күнге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асырудың арқасында медициналық қызметтерді қаржыландыру 2,1 есеге көбейген. 

Оның ішінде: профилактикалық медициналық қарап-тексерулер – 2 есе; консультациялық-диагностикалық қызметтер – 1,5 есе; стационарлық көмек – 1,2 есе; жоғары технологиялық медициналық қызметтер – 2,2 есе; медициналық оңалту–1,5 есе ұлғайды. Сонымен қатар қымбат КТ, МРТ және ПЭТ зерттеулерінің өсуі байқалады. Өткен кезеңдегі қарызын жоя отырып, 12 ай бұрын (36 мың теңге) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жолымен кірудің баламалы тәсілін енгізу, жарналарды төлеу сәтінен бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етті. Осылайша, еліміздің сақтандырылмаған азаматтары үшін тартымдылық артты, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы