2,6 млн оқушының 800 мыңы дәстүрлі форматта оқып жатыр - Аймағамбетов

10 Қыркүйек 2020, 12:12
1492
Бөлісу:
2,6 млн оқушының 800 мыңы дәстүрлі форматта оқып жатыр - Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасы аяқталды. Індетке байланысты балалардң басым көршілігі қашықтан оқыту форматында оқып жатыр. Дегенмен 2,6 млн бала қашықтан оқыса, 800 мың бала   дәстүрлі форматты оқып жатыр. Яғни кешекші сыныптарда 547 мыңға жуық бала оқыса, 250 мың бала оқушы саны 180-ге дейінгі мектептерде дәстүрлі форматта жұмысын жалғастырып жатыр.  Демек республика оқушыларының 24%-ы дәстүрлі форматта оқып жатыр. Елімізде 7000 мектеп десек, оның 3000 шалғайда, ауылда орналасқан, олар жұмысын дәстүрлі форматта жүргізіп жатыр, - деді министр.
Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарда білім алып жатқан оқушылар санын атады.
1-4 сыныптарда ата-аналар келісетін болса, біз толығымен 100% балаларды қабылдауға дайынбыз деген болатынбыз. Бірақ олай айтқанның өзінде, балалардың кезекші сыныптардағы саны 50%-ға жетпейді. 1-сыныптарда – 55%, 2-сыныпта – 31%-ы, 3-сыныпта – 27%, 4-сыныпта – 24%-ы ғана қатысып жатыр. 1-4 сыныпқа дейін елімізде 1,3 млн оқушы болса, оның 547 мыңы ата-аналарының шешімімен кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Сондықтан осы мәселені өздеріңіз де біліп отыруларыңыз керек, - деді ол.
Министрдің сөзінше, балабақшадағы кезекші топтарға да келушілер саны толық емес.
Балабақшадағы кезекші топтар мәселесін көктемде де көрдік. Балалардың балабақшаға келу мүмкіндігі бар десек те, тек қана 30%-ы ғана кезекші топтарға келіп отыр. Яғни ата-аналар індеттің қиындығын көре отырып, осындай шешім қабылдап отыр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы