19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

19 Желтоқсан 2019, 08:00
2575
Бөлісу:
19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы атлантикалық циклонның, онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады, соған байланысты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қей жерде қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.



Өзгелердің жаңалығы