19 наурыз күні елордада қоғамдық көлік тегін болады

2 Наурыз 2023, 14:10
1303
Бөлісу:
19 наурыз күні елордада қоғамдық көлік тегін болады

19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау күні елордада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық көлік әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру тәсілі енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде оқушылар 48 миллион сапар жасады.

Сол сияқты азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүруді пайдаланады.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғын елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:

1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/

2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot

3. Smart Astana мобильді қосымшасы;

4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру арқылы конституциялық құқығыңызды пайдаланыңыз.

Өзгелердің жаңалығы