188 мыңға жуық қазақстандық жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды

22 Желтоқсан 2021, 10:15
1211
Бөлісу:
188 мыңға жуық қазақстандық жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев хабарлады. Оның айтуынша, балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерді Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен егу жалғасуда.

Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен бүгінгі күні 235 117 адам вакцинацияланды.  Оның ішінде 187 315 жасөспірім және 47 786 жүкті және бала емізетін әйелдер қамтылған. Екінші компонентті  66 017 адам алды, - деп атап өтті министрдің міндетін атқарушы.

Сондай-ақ ол республикадағы індетке қатысты ахуал министрліктің бақылауында екендігін ескертті.

Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Эпидахуал министрліктің бақылауында тұр, - деді ведомствоның жаңа басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандос Бүркітбаев елімізде коронавирус індетін жұқтыру 31%-ға азайғаны туралы айтқан болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы