Елімізде коронавирус індетін жұқтыру 31%-ға азайған

22 Желтоқсан 2021, 10:00
1094
Бөлісу:
Елімізде коронавирус індетін жұқтыру 31%-ға азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев хабарлады. Оның айтуынша, жер бетінде күн сайын 500 мыңнан астам адам COVID-19-ды жұқтырады.

Әлемде коронавирус инфекциясының 275 мл-нан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды, - деді Жандос Бүркітбаев.

Сонымен қатар ол Еуропада соңғы он төрт күн ішінде індеттің өршігенін алға тартты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде соңғы екі аптада 54 елдің 15-інде сырқаттанудың өсуі байқалады. Кейінгі 14 күн ішінде Данияда сырқаттанудың 70%-дан астам өскені тіркелді.  Вирус Италияда, Швецияда – 50%-ға, Францияда, Ұлыбританияда – 40%-ға, Норвегияда, Португалияда – 30%-ға өршіді, - деп атап өтті министрдің міндетін атқарушы. 

Ал Қазақстанда соңғы аптада сырқаттану 31%-ға төмендеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің міндетін атқарушы қанша адам коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырғанын айтқан болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы