Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ, ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.
Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді, – деді 6 жасар Ерген Дүйсенбек.
Ергеннің анасының айтуынша, баланың туларға деген қызығушылығы 2-3 жасында пайда болған. Дәл осы сәттен бастап Ерген әлем елдерінің туларын жинай бастаған.
Енді балақай елтаңбаларға қызығушылық танытып, туған күніне ата-анасынан оған Қазақстанның Елтаңбасын сыйлауды өтінген.