Бокс. Азия чемпионаты тікелей көрсетіледі

19 Қаңтар 2023, 10:20
4032
Бөлісу:
Бокс. Азия чемпионаты тікелей көрсетіледі
VIDEO
Фото: ©olympic.kz

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа толмаған боксшылар арасындағы Азия чемпионатында бүгін Қазақстан бұрымдылары өнер көрсететді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта Әнел Құдайберген өзбекстандық Фарзона Фозиловамен қолғап түйістіреді.

50 келіде Мөлдір Тойкова филиппиндік Мариэль Таландратамен айқасады.

Ал 52 келіде Жансая Рахымберді Вьетнам боксшысы Тхи Хой Нгуенмен жекпе-жекке шығады.

Қазақстан құрамасынан ринг төріне бүгін соңғы шығатын боксшымыз 57 келіде өнер көрсететін Виктория Графеева, қарсылас таиландтық Натничей Чонгпронгкланг.

Трансляция Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы