18 жасқа дейінгі балалардың тісін МӘМС есебінен тегін емдеуге болады

27 Қараша 2021, 15:54
2340
Бөлісу:
18 жасқа дейінгі балалардың тісін МӘМС есебінен тегін емдеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. МӘМС есебінен 18 жасқа дейінгі балалардың тісін емдеуге болады. Бұл туралы Медсақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы хабарлады. Олардың айтуынша, елімізде балалар тісжегісі бойынша статистика қарқынды өсуде.

Стоматологиялық көмек - медициналық көмектің ең қымбат қызметтерінің бірі болып саналатыны белгілі. Сондықтан тіс ауруларының алдын алу мақсатында дәрігерді баруды барлық адамның жағдайы көтере бермейтіндіктен, баршаға қолжетімді емес.

Ресми мәліметтер бойынша, балалардың 82%-ында тіс ауруы бар. Көбінесе ата-аналар балаларды тіс дәрігеріне ауыз қуысының аурулары асқынған кезде әкеледі.

Бірақ мұндай көрініс көптеген ата-аналардың тегін жоспарлы профилактикалық тексерулер мен қажет болған жағдайда тегін емдеуді, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі барлық балалар үшін шұғыл көмек көрсетуді көздейтін МӘМС пакетінің мүмкіндіктері туралы білмейтіндігінен де туындауы мүмкін деп отыр Медсақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалдың мамандары.

Естеріңізге сала кетейік, халықтың бұл санаты жеңілдікті санатқа жатады және олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет төлейді. Сондықтан әрбір бала 18 жасқа толғанға дейін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін алады.

Сонымен, қандай жағдайда сізге өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ?

✔ рентген-сурет үшін;

✔ тісті жансыздандыру және жұлу, сондай-ақ пломба салу үшін;

✔ абсцесстерді ашқаны, пульпит пен периодонтитті емдегені үшін;

✔ гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалды қалпына келтіргені үшін;

✔ еріндер мен тіл жүгеншегінің пластикасына;

✔ жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде ортодонтиялық қызметтер үшін.

Сондықтан егер сіздің балаңызға тіс дәрігерінің көмегі қажет болса, сіз өз емханаңызға немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әлеуетті жеткізушісі болып табылатын жеке стоматологияға бірден жүгінуге болады.

Өзгелердің жаңалығы