18 адам қаза тауып, 2 мың мал басы өртеніп кетті. Ильин өрт туралы айтты

26 Сәуір 2022, 11:07
1203
Бөлісу:
18 адам қаза тауып, 2 мың мал басы өртеніп кетті. Ильин өрт туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысындай айтты. 

Қабылданған шаралар мен талаптарға қарамастан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің толық дайындығы көңіл көншітпей отыр. Автоцистерна, сорғы мен өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейі жергілікті атқарушы органдар мен Экология министрлігі бойынша 68-73 пайыз деңгейінде тұр. Бұл әлі де жеткіліксіз. Атырау облысы әкімдігінің ведомствоаралық ұйымдарының дайындығы 20 пайызды, Қызылорда облысында 33 пайыз, БҚО-да 47 пайызды құрап отыр, - деді ол.

Министр ШҚО, СҚО, Ақтөбе облыстарында да дайындық деңгейі төмен екенін айтты. 

Бүгінде ұзақ жылдан бері пайдаланып келе жатқан әрбір 5-ші техника өрт сөндіруге дайын емес. Соңғы 5 жылда 500 өрт пен 23 мың өрт тұтануы болған. Осы жылдар арасында өрттен 18 адам қаза тапты. 2021 жылы 5 адам қаза тапқан еді. 2 мың мал басы жанып кетті. Өрт табиғат пен жануар әлеміне айтарлықтай әсер ететіні анық, - деді Ильин.

Өзгелердің жаңалығы