16 тамызға арналған ауа райы болжамы

16 Тамыз 2019, 08:16
1842
Бөлісу:
16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Кей жерде жел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысында дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерінде дауыл күтіледі. Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-25 м/с күшеюі күтіледі, Түркістан облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі.  Қостанай облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының кей жерінде, Ақмола облысының батысында, Павлодардың облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы