15 мамырға арналған ауа райы болжамы

15 Мамыр 2019, 08:15
1892
Бөлісу:
15 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерде жауын-шашын болады.


Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстікте және онтүстік-шығыста күн ашық болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және солтустік-батыста тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

Ақтөбе облысының күндіз кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының түнде және таңертен кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерінде жел жылдамдығы күшеюі мүмкін, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болып, Маңғыстау облысында дауыл, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Ақмола облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы