Қазақстанда егіс науқаны ресми түрде аяқталды

16 Маусым 2024, 01:45
341
Бөлісу:
Қазақстанда егіс науқаны ресми түрде аяқталды
Фото: gov.kz

14 маусымда Қазақстанда егіс науқаны ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Минстрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда 23,8 млн гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары мәресіне жетті, бұл жоспарланған көлемнің 100% құрайды.

16,6 млн га алқапқа дәнді дақылдар, 3,0 млн га жерге майлы дақылдар, 3,4 млн га жерге мал азықтық дақылдар егілді. Сондай-ақ 142,5 мың гектар алқапқа көкөніс дақылдары, 166,8 мың гектар алқапқа картоп орналастырылды.

Көктемгі дала жұмыстары күрделі ауа райы жағдайына қарамастан оңтайлы мерзімде жүргізілді. Сонымен қатар жауын-шашынның көп түсуіне байланысты егіс мерзімі кешіктірілген жағдайларда диқандар ерте және орташа мерзімде пісетін сорттарды пайдаланған.

Егіс науқанын уақтылы және толық көлемде аяқтау еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытудың маңызды кезеңі болып саналады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін егу науқанының сәтті өтуі шаруалардың үйлесімді жұмысының және қажетті ресурстармен, соның ішінде қаржылық қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдында тұрған басты міндет – егінді уақтылы күтіп-баптау және егін жинауға дайын болу, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, егіс науқанын дайындық барысында қажетті 2,4 млн тонна тұқым көлемі қалыптастырылды. Ағымдағы жылы тыңайтқыш енгізу көлемін ұлғайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде шаруалар 2023 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда тыңайтқышт 2,1 есе көп енгізді.

Жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 2024 жылы 580 млрд теңгені құрады, оның 400 млрд теңгесі қарыз қаражаты есебінен.

Өзгелердің жаңалығы