Жақыпова қазақстандықтар Құрбан айтта неге демалмағанын түсіндірді

21 Маусым 2024, 11:14
1065
Бөлісу:
Жақыпова қазақстандықтар Құрбан айтта неге демалмағанын түсіндірді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Құрбан айттың алғашқы күні не себепті 17 маусымнан 16 маусымға ауыстырылып, қазақстандықтардың демалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен қазақстандықтарды жақсы түсінемін. Жыл соңында біз мереке күндерін анықтау үшін барлық мемлекеттік органнан тиісті ақпаратты сұратамыз. Оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бар. Олар бізге Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымда болатыны туралы ақпаратты ресми түрде ұсынды. Осыған сәйкес күнтізбе жасалды, - деп айтты ол.

Алайда ведомство басшысының айтуынша, ҚМДБ хатында күнтізбеге байланысты демалыс күні ауысуы мүмкін екені де жазылған.

Сондықтан біз Құрбан айт басталғанға дейін яғни 2 апта бұрын ресми хат алдық. Онда Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым деп жазылған. Заңға сәйкес, бұл күн демалыс күніне сәйкес келді, - деп айтты Жақыпова кулуарда.

Бұған дейін Құрбан айт мейрамы 17 маусымда дүйсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 15,16 және 17 маусым демалатынын жазған едік. 

Кейін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 16 маусымға сәйкес келетінін анықталып, демалыс күн алынып тасталды. 

Өзгелердің жаңалығы