"Құр айыптап, эмоцияға бой бермейміз": Министр уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты айтты

21 Маусым 2024, 10:39
805
Бөлісу:
"Құр айыптап, эмоцияға бой бермейміз": Министр уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты айтты
Фото: primeminister.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев уақыт белдеуіне қатысты петиция қандай деңгейде екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петицияны қарастырып жатырсыздар ма? – деп сұрады БАҚ өкілдері Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен.

Петицияны заңда бекітілген алгоритм бойынша қараймыз. Бүгін жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр. Бұл – бірінші кезең, яғни ұйымдастыру жұмысы жүріп жатыр. Өтініш беруші ұсынған барлық адамды яғни жұмыс тобына оған енгіздік. Қазір бұл топта жұмыс істеу принципін айтып жатырмыз. Яғни ашықтық, аргументтің болуы, сыйластық, - деді министр.

Оның айтуына қарағанда министрлік қазір жұмыс кестесін және күн тәртібін бекітіп жатыр.

Шахмат ойынындағы сияқты әрбір жүрісі дәлелге сүйеніп жасалады, құр айыптап, эмоцияға бой бермейміз. Бұл – петицияны қарастырудың екінші кезеңі. Үшінші кезеңде, комиссия қорытынды шығарып, өз шешімін айтады. Төртінші кезеңде петиция 40 күн қаралатынын білесіздер. Сондықтан заңда бекітілген мерзімге сәйкес барлығы іске асырылады, - деп айтты Шаққалиев кулуарда.

Өзгелердің жаңалығы