13-15 жастағы балалардың семіздігі зерттеліп жатыр – ДСМ

21 Қыркүйек 2022, 10:57
5238
Бөлісу:
13-15 жастағы балалардың семіздігі зерттеліп жатыр – ДСМ

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкология, созылмалы респираторлық аурулар сияқты инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және азайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ алкоголь мен темекі бұйымдарын тұтынуды қысқарту жөніндегі шаралар іске асырылып жатыр, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі. 

Сонымен қатар еліміздің бас дәрігері жастар арасында психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері де назарға алынды деп отыр. 

Психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жастар орталықтарының қызметтерімен 315 мыңға жуық жасөспірім мен жастар қамтылған. Сондай-ақ профилактикалық шараларды одан әрі дамыту үшін 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында балалардың семіздігі мен темекі өнімдерін тұтыну бойынша зерттеулер аяқталуға жақын, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы