12 жасар баласына көлік тізгіндеткен ер адам айыппұл арқалады

25 Сәуір 2021, 18:27
2785
Бөлісу:
12 жасар баласына көлік тізгіндеткен ер адам айыппұл арқалады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық пабликтердің бірінде кәмелетке толмаған баланың көлік жүргізіп отырған фото суреттері жарияланған.

Аталған факті бойынша Кенжекөл ауылына автопатруль жіберілді, факт расталды. 


Toyota Land cruiser Prado маркалы автокөлігінің жүргізуінде автокөлік иесінің 12 жасар ұлы болды. Әкесі ҚР ӘҚБК 612-бабы 5-бөлігі бойынша (көлік құралын басқаруды басқару құқығы жоқ адамға беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы