100 жасқа келген өнер қайраткеріне жаңа куәлік табысталды

11 Қазан 2021, 12:55
1358
Бөлісу:
100 жасқа келген өнер қайраткеріне жаңа куәлік табысталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы 100 жасқа келген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  Мәрия Ахметоваға жаңа жеке куәлігін тапсырды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Көші-қон қызметкерлері жаңа құжатты оның үйіне әкеліп берді.

Сізді 100 жасқа толуыңызға байланысты берілген жаңа куәлікпен құттықтағым келеді. Сізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Жанна Жақыпбаева.

Өз кезегінде кейуана полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Мен ішкі істер органдарының жұмысына өте ризамын. Полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, – дейді Мәрия апа.

Мәрия Ахметова 13.03.1921 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1957 жылы Мәскеуде өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған бірінші қазақ әйелі.

Өзгелердің жаңалығы