100 мыңға жуық құқық бұзушы заң алдында жауап берді

28 Қыркүйек 2020, 20:26
1389
Бөлісу:
100 мыңға жуық құқық бұзушы заң алдында жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының полицейлері күн сайын нөлдік төзімділік қағидатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері 98 409 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 900-ден астамы ұсақ бұзақылық фактілері, 6 080 ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу фактілері, 2 283-і тыныштықты бұзу фактілері. 
Ювеналды полиция желісі бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуына байланысты 2 148 құқық бұзушылық анықталды. Көші-қон қызметі 474 әкімшілік бұзушылықты, 205 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғанын, шетелдік жұмыс күшін тартудың 13 фактісін анықтады, – деп атап өтті департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.


Өзгелердің жаңалығы