«100 күн - 100 сұрақ». Өтініштердің саны 1100-ден асты

10 Ақпан 2022, 11:12
1552
Бөлісу:
«100 күн - 100 сұрақ».  Өтініштердің саны 1100-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «100 күн - 100 сұрақ» жобасы аясында Денсаулық сақтау министрлігінің барлық байланыс арналарына халықтан келіп түскен және құрылымдалған өтініштердің саны 1100-ден асты.

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Олар көбінесе медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелеріне қатысты, сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайларда жәрдем көрсету туралы жеке сипаттағы өтініштер де басым бөлігін құрайды, - делінген хабарламада.

Ел Президенті жария еткен «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдары бойынша барынша жіті және жедел ден қоюға және ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыруға барынша күш-жігер жұмсайды.

Осыған байланысты, азаматтарға ыңғайлы болу үшін денсаулық сақтау министрлігінің сайтында «100 күн-100 сұрақ» жобасы аясында өтініштерді қабылдау үшін арнайы бөлім құрылды. 

Осы веб-сайттағы нысан арқылы медициналық көмектің сапасын және денсаулық сақтаудың басқа да аспектілерін жақсарту туралы өз ұсыныстарыңызды енгізулеріңізді сұраймыз деп Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халыққа үндеу жасады.

Өзгелердің жаңалығы