10 тонна шөп, монша: Екі өңірде өрт болды

13 Наурыз 2024, 06:31
308
Бөлісу:
10 тонна шөп, монша: Екі өңірде өрт болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

13 наурызда таңертең ертемен Түркістан облысы Арыс қаласы мен Алматы облысының Қаскелең қаласында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысындағы Сайрам ауданы, Арыс ауылы, жеке тұрғын үйдің аумағында жеке тұрған шаруашылық құрылысының шатыры мен үйілген шөп (шамамен 10 тонна) 75 шаршы метр алаңда жанып кетті. Өрт сағат 04:00-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнына 14 жеке құрам адамы мен 4 ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Ал Алматы облысында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, тұрғын үйдің аумағында, жеке тұрған алаңда 60 шаршы метр монша жанып кетті. Тілсіз жау сағат 04:14-те өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге шамамен 4 жеке құрам адамы және ТЖД-нің 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы