10 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

29 Ақпан 2024, 07:14
5738
Бөлісу:
10 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

29 ақпанда еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман;

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман;

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Абай облысында солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бір облыста жол жабылғаны айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы