Ауа райына байланысты бір облыста жол жабылды

28 Ақпан 2024, 21:44
538
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бір облыста жол жабылды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ -архив

28 ақпан сағат 21.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (боран, шектеулі көрініс) жабылғаны белгілі болды.

1. "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 296 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы