1-сынып оқушылары қыста екі рет демалады

4 Қаңтар 2024, 14:31
10386
Бөлісу:
1-сынып оқушылары қыста екі рет демалады
Фото: Мәди Искаков

Қазақстанда мектеп оқушыларының қысқы демалыс кезінде он күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың 8 қаңтарында оқушылар қайта мектепке келіп оқуларын жалғасытар береді. 

Бірінші сынып оқушыларының жолы болды. Оларда қыста екі рет демалысқа шығады.

Екінші тоқсаннан кейін Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды. 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда.

2024 жылдың 8 қаңтарында басталатын үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

Бірінші сынып оқушылары жыл сайын  үшінші тоқсанда 7 күндік қосымша демалысқа шығады.  Биыл олар  5 ақпаннан 11 ақпанға дейін демалады, - делінген Оқу-ағарту министрлігі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы